Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 1461
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы № 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 527-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін;
мына жолдар:
"Имантаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Жетпісбайұлы Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау
жұмысы және кадр саясаты басқармасы
Мемлекеттік инспекциясының
мемлекеттік инспекторы"