«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық
іс жүргізу кодекстеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз
ету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 13 шілдедегі
№ 4 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, H.B. Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі С.П. Нұғымановтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты И.Ә. Әміровтің,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К. Байқадамовтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы М.Т. Әлімбековтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаев пен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының басшысы С.Ғ. Темірболатовтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің, өзіне қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.