Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 922 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасының орнықты даму кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары, |
| Қалмықов Алмаз Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті директорының орынбасары, хатшы, |
| Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, |
| Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, |
| Дьяченко Сергей Александрович | - Ақмола облысының әкімі, |
| Әбішева Құралай Қастайқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша), |
| Могилюк Светлана Владимировна | - Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының төрайымы (келісім бойынша), |
| Еділбаева Гүлсара Ибрағимқызы | - Орнықты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша), |
| Зикрина Зульфира Алмазовна | - Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының президенті (келісім бойынша), |
| Ким Станислав Зильямсович | - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы Энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы (келісім бойынша), |