ҚР Президентінің 2016.02.02. № 187 Жарлығымен ішкі қызмет жарғысы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерде», «заңнамалық актілері», «заңнамалық актілердің», «заңнамалық актілер», «заңнамалық актілерінің», «заңнамалық актілерге», «заңнамалық актілерді» деген сөздер тиісінше «заңдарда», «заңдары», «заңдардың», «заңдарға, «заңдар», «заңдарды» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі - Ішкі қызмет жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери даярлықтан өту кезеңінде азаматтарға, әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.
Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)