«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларында:
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын астананың, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
2) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;»;
4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мансап орталығы - еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;»;
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: