«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 132 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
«2.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу» деген кіші бөлімде:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шикізаттың жеткіліксіздігі, жоғары құны және сапасының төмендігі;»;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«шығарылған өнімді өткізу нарықтарының шектеулі болуы;
негізгі және айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті кредиттік ресурстардың болмауы;
саланы одан әрі дамыту үшін субсидиялардың жеткіліксіздігі;
мемлекеттік қолдау көлемінің аз болуына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі.»;
«2.4. Нарықтарды дамыту» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«көліктік мүмкіндіктердің шектеулі болуы;
дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымның болмауы (инфрақұрылымның тозуы, теміржолдың өткізу қабілетінің төмендігі, маусымдық кезеңде вагондардың жетіспеушілігі);
жоғары көлік шығындары және логистикалық қиындықтар;
кедендік ресімдеу процесіндегі қиындықтарды қоса алғанда, кедендік кедергілер;