«Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 362 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қазандағы № 130 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;