«Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 қазандағы № 55/92 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 15 қыркүйекте № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті облыстық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны үш жүз мың адамға дейін болған кезде жиырма алты депутаттан.
Астананың және республикалық маңызы бар қаланың тиісті мәслихаты депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны бір миллион жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.
Есептеулерде халық саны екі жүз мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны екі бірлікке артады.
Сайланатын депутаттардың саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санын негізге ала отырып, статистика саласындағы уәкілетті органның сайлау тағайындалған күннен кешіктірілмей жарияланған деректеріне сәйкес айқындалады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
реттік нөмірі 3- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
реттік нөмірі 9- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын:
«
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті қалалық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны елу мың адамға дейін болған кезде он бір депутаттан.