ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 1469 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:
1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті блоктар бойынша бағалауға уәкілетті органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпаратты;
2) бағалауға уәкілетті органдардың бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
3) бағалауға уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шағымдану рәсімінен кейінгі тиімділікті бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына блоктар бойынша қорытындыларды;
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды;
6) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.»;
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: