«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 11-1-4/538 бұйрығы
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 14 шілдедегі № 11-1-4/420 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодекстің 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14926 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өкілдік шығындар - тиісті қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының шетелге іссапарлары барысында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: