Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 және «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 800 Қаулысы
(2026.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2026.11.06. № 487 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он жыл және одан көп әскери қызметте болған және күнтізбелік есептеумен жиырма жыл әскери қызметте болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларында көрсетілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін алушы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттарды ұсынады:
1) баянат (өтініш);