«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ және «Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау Қағидаларында:
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
14, 15 және 16-тармақтарына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2, 3-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.