Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 160 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Үй жануарларын есепке алу қағидаларында:
3-тармақта:
3), 6), 10), 15) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «болюстер,» деген сөз алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жануарларды уақытша ұстау пункті - табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген үй жануарларын (компаньон - жануарларды), сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тіркеуші - ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: