«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 «Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 159 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 «Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27220 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесі;»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: