Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығы

Информация о документе
Датасуббота, 28 февраля 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 5 марта 2026
Дата последнего изменениясуббота, 28 февраля 2026

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) - ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енетін ақпараттық жүйе, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді жүзеге асырады;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезекші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

СДТБТ-на қолжетімділігі бар лауазымды адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін оны АЕК-на бекітуді жүргізеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами