«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 155 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады.»;
13-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сенімгерлік басқарудың мақсаттары мен міндеттерін сипаттай отырып, объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі;»;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар.