ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және
цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 11) тармақшасындағы және 741-баптың екінші бөлігінің 5-4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша» деген сөздер «ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 112-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «кредиттік бюролардың,» деген сөздерден кейін «кредиттік рейтингтік агенттіктердің,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 129-баптың 11-тармағы «төлем ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «кредиттік рейтингтік агенттіктерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 139-бап 24) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) кредиттік рейтингтік қызметке жүзеге асырылады.».
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: