Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің

әскери қызметшілері мен Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің

белгіленген тәртіппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық

қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ

берілген қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14

қаңтар N 43

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы N 593 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы мен "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің әскери қызметшілері мен Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің белгіленген тәртіппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берілген қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

 2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап қолдануға енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі
 Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң 2000 жылғы
 11 қаңтардағы N 43
 қаулысымен
 бекiтiлген
 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң
 әскери қызметшiлерi мен Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң
 белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық
 қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ
 берiлген қызметкерлерi лауазымдарының
 Тізбесі

I Бөлім. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң әскери қызметшiлерi

1. Департаменттердiң директорлары мен олардың орынбасарлары (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда)

2. Басқармалардың, бөлiмдердiң, қызметтердiң, байланыстың, жедел-кезекшi қызметтiң, химиялық-радиометрлiк лабораториялардың, құпия бөлiмдердiң, байланыс тораптарының, бақылау-техникалық пункттердiң, командалық пункттердiң, қабылдау-тапсыру орталықтарының, посттардың, радиостанциялардың берушi бөлiмдерiнiң, радиостанциялардың қабылдаушы бөлiмдерiнiң, электр қуаты құрылғыларының, ақпараттықтың, шеберхананың (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтары

3. Штабтардың, басқармалардың, бөлiмдердiң, байланыс тораптарының (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтарының орынбасары

4. Радиоқабылдағыш құрылғылар, радиотаратушы құрылғылар, телеграф байланысы, телефон байланысы топтарының бастықтары

5. Секторлардың меңгерушiсi, аға офицерлер, офицерлер, бас мамандар, жетекшi мамандар, жедел кезекшiлер, аға техниктер, техниктер (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда)

6. Полктардың, батальондардың, роталардың, взводтардың, бөлiмшелердiң командирлерi мен олардың орынбасарлары

7. Штаб бастықтарының аға көмекшiлерi, техникалық бөлiмдер бастықтарының көмекшiлерi, жедел кезекшiлердiң көмекшiлерi, рота старшиналары, аға краншылар, телефоншылар, қызмет бастықтарының көмекшiлерi, арнайы үкiметтiк байланыстың бас мамандары

 II Бөлім. Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгіленген
 тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi

1. Департаменттердiң, бас басқармалардың, басқармалардың, дербес бөлiмдердiң, мамандандырылған отрядтардың, отрядтардың, бөлiмдердiң, секторлардың, бөлiмшелердің, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерінің, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, лабораториялардың, күштердi басқару орталықтарының, автоматтандырылған байланыс жүйелерiнiң, сүңгуiр қызметтердiң, өрт сөндiру байланыстары орталық пункттерiнiң, сынақ полигонының, қарауылдардың, жеке постылардың (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтары

2. Департамент, бас басқармалар, басқармалар, дербес бөлімдер, мамандандырылған отрядтар, отрядтар, бөлiмдер, секторлар, бөлiмшелер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлімдерi, лабораториялар, күштердi басқару орталықтары (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары

3. Ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторлар, аға инженерлер, аға анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға анықтаушылар, аға ғылыми қызметкерлер, аға инспекторлар, аға сарапшылар, аға диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң аға көмекшiлерi (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда)

4. Бас инспекторлар, бас мамандар (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда); экипаждардың командирлерi, оң жақтағы ұшқыштар, штурмандар, борт-техниктер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, сүңгуiр мамандар, отрядтар бастығының көмекшiлерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар

5. Химиялық және радиациялық барлаудың, газ-түтiннен қорғау қызметтерінің, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргiзу жөнiндегi жүргiзушiлердiң, сүңгуiрлердiң аға инструкторлары

6. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң, байланыстың, байланыс пен арнаулы жабдықтардың аға шеберлерi

7. Аға механиктер, аға жүргiзушiлер, аға шеберлер, аға респираторшылар, аға техниктер, аға радиотелеграфшылар, аға өрт сөндiрушiлер, аға прожекторшылар (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда)

8. Радиостанциялардың бастықтары, бөлiмшелердiң командирлерi, құтқарушы-шеберлер, сүңгуiрлер, жүргiзушiлер, диспетчерлер, газ-түтіннен қорғау қызметтерінің шеберлері, кіші инспекторлар, мотористер, радиотелеграфшылар, радиотелефоншылар, өрт сөндірушілер, өрт сөндіруші-құтқарушылар, прожекторшылар









Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!