Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы

N 892 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мынадай мемлекеттік жоғары оқу орындары (бұдан әрі - жоғары оқу орындары):

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

3) Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті - Қазақ ұлттық аграрлық университеті;

4) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

5) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университеті - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;

6) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

7) Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:

1) қайта аталған жоғары оқу орындарының жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" бөлімінде реттік нөмірі 9-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 "9-9 С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Алматы
 ұлттық медициналық университеті қаласы";

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде:

реттік нөмірлері 470-108, 470-120, 470-123-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 "470-108 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Астана
 ұлттық университеті қаласы
 470-120 Қазақ ұлттық аграрлық университеті Алматы
 қаласы
 470-123 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық Алматы
 техникалық университеті қаласы";

2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірлері 180, 191, 195, 196, 167-5, 167-6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"167-5 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
167-6 Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
 академиясы
180 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
191 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
195 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
196 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
 университеті";

3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 "36. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық
 медициналық университеті".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі







Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!