ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішті жасау
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексініне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішті жасау тәртібін (бұдан әрі - нысандар) көздейді:
1) 032.00 нысан бойынша шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтініш (бұдан әрі - 032.00 нысан бойынша Өтініш);
2) 032.01 нысан бойынша шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішке 1-қосымша (бұдан әрі - 032.01 нысан бойынша өтінішке 1-қосымша);
3) 032.02 нысан бойынша шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішке 2-қосымша (бұдан әрі - 032.02 нысан бойынша өтінішке 2-қосымша);
4) 032.03 нысан бойынша шыны ыдысты қабылдау бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішке 3-қосымша (бұдан әрі - 032.03 нысан бойынша өтінішке 3-қосымша).
2. 032.00 нысаны Салық кодексінің 531-бабына сәйкес шыны ыдысты қабылдауды жүзеге асыратын салық төлеушілерге салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілерін салық органында тіркеуге арналған.
032.01 нысан бойынша 1-қосымша жер учаскісі туралы мәліметтер көрсетуге арналған;
032.02 нысан бойынша 2-қосымша жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер көрсетуге арналған;
032.03 нысан бойынша 3-қосымша жады бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтер көрсетуге арналған.
3. 032.00 нысаны шыны ыдысты қабылдауды жүзеге асыратын жеке стационарлық, жылжымалы және өзге де нүктелерге жеке толтырылады.