ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Резидент еместердің төлем көзінен
ұсталған корпорациялық табыс салығы
сомасының есебін жасау ережелері
(101.06 Нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және 101.06 нысаны бойынша (бұдан әрі - 101.06 нысаны бойынша есеп) және төмендегі қосымша нысандарды қамтитын (бұдан әрі - нысандар) Резидент еместердің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының есебін жасау тәртібін айқындайды:
2. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
5. Қосымша нысандардың “Жалпы ақпарат” бөлімінде Есептің “Салық агенті туралы жалпы ақпарат” бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.
6. Есепке 1-5 қосымша нысандар салық кезеңінің әр бір айы бойынша жеке толтырылады. Бұл кезде қосымша нысанның “Жалпы ақпарат” бөлімінде салық кезеңінің қай айы үшін осы нысан толтырылатыны көрсетіледі.
7. Тиісті қосымша нысанның деректері болған кезде аталған қосымша нысан міндетті тәртіпте толтыруға жатады. Тиісті қосымша нысанның деректері жоқ болған кезде көрсетілген қосымша нысан берлімейді.
8. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;