ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша
есепті жасау ережелері
(201.02-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке тұлғаларға есептелген және төленген, жеке табыс салығының, Салық кодексінің 24 тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған, Салық кодексінің 145-бабының 2-тармағымен белгіленген ставкалар бойынша төлем көзіне салық салынатын дивидендтерді, сыйқыларды, ұтыстарды (бұдан әрі - дивидендтер, сыйқылар, ұтыстар) көрсетуге арналған, салық агенттерінің Жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
2. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді.
6. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (201.02-нысан)