ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер жөніндегі
Декларацияны жасау ережелері (560.00-нысан)
(Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары
бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық-кодексі) 282-бабына сәйкес әзірленген және өндіру бонусын есептеуге арналған Өндіру бонусы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды.
4. Декларацияны беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;
2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.
5. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Декларацияны жасау (560.00-нысан)
6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.