Введите номер документа
Прайс-лист

Әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау ережелері (600.00-Нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 8 декабря 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 января 2006

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Әлеуметтік салық бойынша
декларацияны жасау ережелері
(600.00-Нысан)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бөліміне сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мемлекеттік мекемелер мен мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Салық кодексінің 177-бабына сәйкес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салықты есептеу және уақтылы төлеуге арналған Әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (600.00-нысан) және әлеуметтік салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (600.01 және 600.02 нысандар) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

6. Қосымшаның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” Декларацияның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

7. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша-салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами