ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік салық бойынша
декларация жасау ережелері
(610.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеуге және уақтылы төлеуге арналған әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (бұдан әрі - 610.00-нысан) және әлеуметтік салықты салу объектісі туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (610.01 нысаннан) тұрады.
3. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта-Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.
6. Қосымшаның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде Декларацияның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
7. Декларацияны беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде- салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
8. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.