ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары
есебін жасау ережелері
(641.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасымен салық режимі тұрақтылығына кепілдік берілген заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттар бойынша (бұдан әрі - келісім-шарттар) жұмыс істейтін салық төлеушілермен автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары есебін жасау (бұдан әрі - Есеп) тәртібін анықтайды.
Есеп әрбір келісім-шарт бойынша бөлек жасалады.
2. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
5. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (641.00-нысан)
7. “Төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Есеп берілетін есепті кезең. Есепті беру үшін есепті кезең есепті тоқсан болып табылады. Есепті кезең араб сандарымен көрсетіледі;