ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің
есебін жасау ережелері
(701.03-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 14 бөліміне сәйкес әзірленген және салық төлеушілермен салық кезеңінің басында бар салық салу объектілері бойынша мүлік салығын уақтылы төлеуге және есептеуге арналған Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін жасау (бұдан әрі - Есеп) тәртібін көздейді.
2. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.
5. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
7. Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған объектілер бойынша) Есепті лизинг алушы толтырады.
2. Есепті жасау (701.03-нысан)
8. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Есеп берілетін салық кезеңі;
3) құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе салық төлеушінің аты-жөні;