ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен мақұлданды
АЗИЯ ДАМУ БАНКI
2004 жылғы 14 желтоқсан
Арман Дунаев мырзаға
Министр, АДБ Басқарушысы
Қаржы министрлігі
Жеңiс даңғылы, 33
Астана, Қазақстан, 473000
Қатысты: Жапония Кедейлiктi азайту жөніндегі қоры (ЖКАҚ)
-Тағам өнiмдерiн тұрақты фортификациялау
(№ 9052 ЖКАҚ гранты)
Құрметтi Дунаев мырза,
1. Бiз Азия Даму Банкi (АДБ) 2004 жылғы 22 шiлдеде Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Монғолия, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының (барлығы бірге - қатысушы елдер деп аталады) үкiметтерiне жәрдемдесу үшiн Азық-түлiктi фортификациялауды қолдау жобасына 2000000 (екi миллион) АҚШ доллары бағамынан аспайтын мөлшерде ЖКАҚ (ЖКАҚ көмегi) желісі бойынша грант (ЖКАҚ Гранты) беру туралы шешiмдi бекiткенiн қуанышпен хабарлаймыз.
2. ЖКАҚ Гранты жөніндегі Есепте көрсетiлгенiн (ocы құжатқа 1-қосымша), Қазақстан бойынша iс-шараларға жауапты Атқарушы Агенттiк (АА) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі болады (ДСМ). Үйлестiру және басқару жөніндегі өңiрлiк офис (ҮБӨО) Алматы қаласында орналасатын болады. ҮБӨО-да ЖКАҚ гранты қаражаты есебiнен АДБ жалдаған өңiрлiк үйлестiрушi, қаржы жөніндегі маман және әкiмшi жұмыс iстейтiн болады. ҮБӨО ЖКАҚ Гранты жөніндегі Есепке 3-қосымшаның 3-параграфында көрсетiлгенiндей, АДБ тiкелей қадағалау жөніндегі жобаны үйлестiру жөнiндегі орталық орган ретiнде жұмыс iстейдi, сондай-ақ АДБ мен Қатысушы елдер үкiметтерi уағдаласуы мүмкiн басқа да мiндеттердi орындайтын болады. Қазақ Тағамтану академиясы (ҚТА) АДБ мен ҮБӨО-дiң техникалық консультанты болады және ЖКАҚ Грантына қатысатын басқа да елдердiң тағамтану институтымен ақпарат алмасуына ықпал ететiн болады.