ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753
бұйрығымен бекітілген
Тұқы балықтың тілме ауруының алдын алу және жою
туралы Ветеринариялық ереже
Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Тұқы балықтың тілмесі - тұқы, сазан балықтардың және олардың будандарының жұқпалы ауруы. Тілмемен алабұға мен қара балық сирек ауырады, ал амур балығымен кейбір басқа тұқы балықтар бұл ауруға төзімдірек келеді.
Балықтардың барлық жастағы түрлері ауруға бейім келеді, бірақ екі және үш жастағылары тіпті бейімдірек болады.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтуі мүмкін.
Тұқы балықтың тілмесі көктемгі-жазғы кезеңде жиі білініп, күзге қарай ауру басылады және созылмалы түрге көшеді.
Ауруға тән клиникалық белгілері болып терінің кейбір участоктарындағы геморрагиялық қабыну немесе оның барлық жерінде әртүрлі көлемдегі және конфигурациядағы қанталаған ошақтар, дененің құрсақтық және жалпы сулануы, көздің шапыраштануы, барлық ішкі органдардағы ет ұлпасының қанының құрамындағы судың көбеюіне, қабыршақтарының тікірейіп, әртүрлі көлемде және түрде ақ немесе қызыл жолақты жаралардың пайда болуы болып табылады. Кейде қалың еттердің өліеттенуі, омыртқа жотасының, қабырғалардың сонымен бірге қусақ қуысындағы органдардың жалаңаштануына әкеледі.