Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының
25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету,
билік жүргізу және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға
рұқсат беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы
агенттігінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 9 наурыздағы
№ 31-п
Осы редакция Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбекәлеуметмині Ұлттық зейнетақы агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қордың) оның қызмет ету кезеңіне дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ осындай рұқсатты беруден бас тарту немесе қайтып алу негіздерін белгілейді.
І. Жалпы ережелер
1. Агенттік осындай қордың дауыс беру құқығы бар қор акциясының 25 % көбіне тікелей және жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығын (бұдан әрі - құқық) жүзеге асыруға рұқсатты заңды тұлғаға - өзінің үздіксіз қызметі кезінде үш жыл бойына тұрақты қаржылық жағдайын растайтын қордың құрылтайшы/акционеріне, Қазақстан Республикасының резидентіне беруі мүмкін.
2. Тұлға мынадай жағдайларда қор акцияларына тікелей иелік ететін, билік жасайтын және/немесе басқаратын болып саналады:
а) егер тұлға қор акцияларының меншік иесі болса;