“Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 15 қазандағы № 1059 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) қаулысында:
2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 шiлдедегі № 775 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 360-құжат) қаулысында:
1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi № 775 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 қазандағы № 1059 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 501-құжат) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында "жазғы" және "қысқы" уақытқа көшу рәсiмiн жою туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |