«Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар жасауға,
өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және
оларды жою туралы» конвенция
(Мәскеу -Лондон - Вашингтон, 1972 жылғы 10 сәуір)
2007.07.05. № 245-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенциясын (Париж, 1993 ж. 13 қаңтар) қара
Осы конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлерiне тыйым салумен және жоюмен бірге, жалпыға бірдей және толық қарусыздану жолындағы тиiмдi прогреске жету мақсатында бел шеше кiрiскен, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қарулар жасауға, өндiруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салудың және оларды тиiмдi шаралар жолымен жоюдың қатаң да тиiмдi халықаралық бақылау арқылы жалпыға бірдей және толық қарусыздануға жетуге ықпал ететiнiне сене отырып,
1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осы сияқты газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманың маңызды мәнiн, сондай-ақ көрсетiлген хаттаманың соғыс қасiретiн азайту iсiне қосқан және қосып келе жатқан үлесiн мойындай отырып,
аталған хаттаманың принциптерi мен мақсаттарына деген өзiнiң адалдығын білдіре және барлық мемлекеттердi оларды қатаң сақтауға шақыра отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1925 жылғы 17 маусымда Женева хаттамасының принциптері мен мақсаттарына қайшы келетiн барлық iс-әрекеттердi бірнеше мәрте айыптағанын ескерте отырып,
халықтар арасындағы сенімді тереңдете түсуге және халықаралық ахуалды тұтастай сауықтыруға ықпал етудi қалап,
сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін жүзеге асыруға ықпал етуге ұмтыла отырып,