Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 15 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2462 тіркелген, 2003 жылғы 25 тамызда - 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 18/2003 басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген осындай көрсеткіштерден аспайтын өлім көрсеткіштерін пайдаланады.