№ ____ -KZ ҚАРЫЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден
кейінгі екінші жобасы)
(Астана қ., 2005 жылғы 1 сәуірде)
№ ____ -KZ ҚАРЫЗ
2005 ж. 14 желтоқсандағы № 99-III ҚР Заңымен ратификацияланды
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2005 жылғы ___ КЕЛІСІМ.
Мыналар:
(А) Банк Қарыз алушыдан ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдауды көздейтін бағдарлама (Бағдарлама) айтылған және Қарыз алушының оны орындауға ниет білдіретіндегі туралы мәлімделген 1998 жылғы 4 мамырдағы хатты (1998 жылғы 7 мамырда тіркелген) алғаны;
(В) Бағдарламаны орындау үшін Қарыз алушы пайдалануы тиіс он (10) жылға дейінгі кезең ішінде $85 000 000-ға дейінгі мөлшерде қарыздар серияларын беру арқылы Бағдарламаны орындауға қолдау көрсетуді Қарыз алушы Банктен сұрағаны;
(С) 1998 жылғы 23 маусымдағы Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз туралы келісімге (4331 KZ) сәйкес он бес миллион долларға ($15,000,000) барабар сомада қарыз беріп Бағдарламаның бірінші кезеңіне Банктің қолдау көрсеткені;
(D) Осы Келісімнің 2-қосымшасында сипатталған және Бағдарламаның екінші кезеңі болып табылатын жобаның (Жоба) тиімділігі мен басымдығына Қарыз алушы көз жеткізіп Бағдарламаны қаржыландыруға көмек көрсетуді Банктен сұрағаны;
(Е) Жобаның С.2-бөлімі бойынша қызметтердің белгілі бір түрлерін Қарыз алушының қолдауымен қолайлылықтың белгілі бір талаптарына жауап беретін Қарыз алушының (Қатысушы қаржы мекемелерінің) банктері мен лизингтік компаниялары орындайтыны және осындай жәрдемдесудің бөлігінде Қарыз алушы осы Келісімде айтылған шарттарға сәйкес Қатысушы қаржы мекемелеріне осы Келісімнің II бабында көзделген қарыз қаражатын (Қарыз) беретіні;