Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы
және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дербес
құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 ж. 4 наурыздағы № 16 Өкімі
(ҚР Президентінің 27.02.02 ж. № 314 Өкімімен
енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция 2005 ж. 2 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дербес құрамы бекітілсін (қоса беріледі).
2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер проблемалары және демографиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамын бекіту және оның жұмыс органын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2704 өкімінің күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
4 наурыздағы № 16 өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі
ұлттық комиссияның
дербес құрамы
ҚР Президентінің 27.02.02 ж. № 314 Өкімімен құрам өзгерді
Самақова - Қазақстан Республикасының министрі,
Айткүл Байғазықызы Ұлттық комиссияның төрайымы
Жалмағамбетова - Ақмола облысы әкімінің
Светлана Жақияқызы орынбасары, Әйелдер кеңесінің
төрайымы, Ұлттық комиссия
төрайымының орынбасары