«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 151 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен күші жойылды
Әкімшілік тәжірибе, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясының құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру, ішкі істер органдары бөлімшелеріндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 33, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2093 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 777, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2153 болып тіркелген 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 43, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 болып тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 536, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: