Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Латвия Республикасының Yкіметі арасындағы Экономикалық және ғылымы-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
(Астана қ., 2004 ж. 8 қазан)
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1278 Қаулысымен бекітілді
2006 ж. 17 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі,
ұзақ жылғы дәстүрлi экономикалық қатынастарды ескере отырып, бiр жағынан Қазақстан Республикасы және екiншi жағынан Еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әрiптестiктi құратын 1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған Әрiптестiк мен ынтымақтастық туралы келісімнiң ережелерiн негiзге ала отырып,
өзара мүдде саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты теңдiк мен өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ықпал етуді қалай отырып,
Латвия Республикасы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Еуропалық Одаққа мүше мемлекет болғанын ескере отырып,
мына төмендегілер туралы келістi:
1-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы мен халықаралық шарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың арасындағы шарттарға сәйкес өзара мүдденi бiлдiретiн барлық салалардағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытады және нығайтады.
Осы Келісімдi Латвия Республикасының қолдануы оның Еуропалық Одаққа мүшелiгінен туындайтын мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2. Тараптар өзара тиiмді ынтымақтастықтың басым салалары мен жаңа секторларын айқындау үшiн консультациялар жүргізедi.
2-бап
Ғылыми-техникалық ынтымақтастық:
ғылыми-техникалық қызметтiң әртүрлi салаларында мамандармен алмасу;
ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу;
ғылыми және технологиялық зерттеулер мен әзiрлемелердi, ғылым технологиялар және жаңа енгiзiлiмдер саласындағы басқа да бiрлескен қызметтердi ұйымдастыру;
оқытуды және курстарды ұйымдастыру;
өзара мүдде саласындағы семинарларды, пiкiрталастарды, конференциялар мен көрмелердi ұйымдастыру;
басқа да ынтымақтастық нысандары арқылы орындалады.
3-бап