Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы
ҚР Үкіметінің 2005.19.04. № 364 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес, мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңес құрамы бекітілсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2005 жылғы
N ___
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы "___" ______
N ____ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi
жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кәсiпкерлiктi дамыту және оны тиiмдi мемлекеттік қолдау мәселелерi жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестiң мiндеттерi
3. Кеңестiң негiзгі мiндеттерi:
кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн iскер топтарды, кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен одақтарды шоғырландыру;
кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мемлекеттік проблемалар бойынша ұсынымдарды және оларды шешу мүмкiндiктерiн әзiрлеу болып табылады.
3. Кеңестiң құқықтары
4. Кеңестiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде: