«Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігінің
2005 жылғы 15 сәуірдегі № 136-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2656 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2004 жылғы 24 қаңтарда жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 5 шілдедегі 299-НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2982 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы»;
1-тармақта «белгілеу» деген сөз «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу жөніндегі ережесінде:
тақырыбында «белгілеу жөніндегі» деген сөздер «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «белгілеу», «белгіленген», «белгіленеді» деген сөздер тиісінше «бекіту», «бекітілген», «бекітіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;