Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 102 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттік бюролардың кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3113 тіркелген, 2004 жылы № 10(10)/2) Қаржы хабаршысы журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: