“Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы
№ 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы
19 сәуірдегі № 252 Бұйрығы
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) туралы азаматтардың өтініштерін қарау рәсімін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2477 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде" 2003 жылғы № 31-36, 870-құжат болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережеде:
бүкіл мәтін бойынша "білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген тиісті септіктерде сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) құжаттардың осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді;";
12-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: