Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2005.17.05. № 466 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
1-бап. "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия - Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнайы мемлекеттік басқару органы.";
2) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар бiрнеше әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен жергілiктi жердiң комендатурасымен қатар, осы Заңның 7-бабына сәйкес өз қызметiн тоқтататын төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) құрылуы мүмкiн.";
3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Мемлекеттік комиссияның негізгi мiндеттерi мен
функциялары
1. Мемлекеттік комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;
2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргізудi ұйымдастыру;
3) төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетудi ұйымдастыру;
4) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегi қызметiн үйлестiру;
5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргізілетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.
2. Мемлекеттік комиссия алдына қойылған мiндеттердi орындау үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады: