Мұнай өңдеуге және мұнай өнімдерін
жөнелтуге байланысты қызмет көрсету туралы
№________ШАРТ
Атырау қ.«________»_________2005 ж.
«_______________» ЖШС атынан Жарғы негізінде іс-әрекет етүші бұдан былай «Тапсырушы» деп аталады, оның Басшысы_______________ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС атынан бұдан былай «Атқарушы» деп аталады, қоғамның Жарғысы негізінде іс-әрекет етүші онын бас директоры Т. А. Байтазиев, бұдан былай бәрі «Тараптар» деп аталады, осы ШАРТТЫ (бұдан әрі мәтін бойынша «ШАРТ») төмендегілер туралы жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Тапсырысшы Атқарушыға өңдеу арқылы мұнай өнімдерін алу үшін шикі мұнай жеткізіп береді және Атқарушыға өңдеу ақысын төлейді.
1.2. Атқарушы Тапсырысшыдан шикі мұнайды қабылдап алады, оны өңдейді және өңдеу нәтижесінде алынған барлық мұнай өнімдерін Тапсырысшыға береді.
2. Мұнай жеткізу шарттары
2.1. Атқарушы мұнайды «АМӨЗ» ЖШС қабылдап алу-тапсыру пунктінен алады. Мұнай өңдеуге шарт жасағанда немесе мерзімі ұзартылғанда Тапсырысшы құрылтайшылық құжаттармен бірге төмендегідей құжаттарды ұсынуға міндеттенеді:
— салық комитетінің салықтық берешектің жоқтығы немесе барлығы туралы анықтамасы (түпнұсқа немесе нотариус куәландырылған көшірме);
— банкінің заем бойынша мерзімі өткен берешектердің жоқтығы туралы анықтамасы;
— кәсіпорынның бухгалтерлік теңгерімі;
— мұнай өндірүші ұйымдардың олармен арада кейін «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өңдеу үшін шикі мұнай сатып алуға Шарттары барлығы туралы кепіл хаты.
2.2. Мұнайдың көлемі мен жеткізілу мерзімі № 1 Қосымшамен, сондай-ақ осы ШАРТТЫҢ басқа да қосымшаларымен реттеледі және оның ажырамас бөлігі болып саналады. Шикі мұнайды жеткізуге қатысты көліктік және басқа да шығындарды Тапсырысшы өтейді.
2.3. Атқарушы шикі мұнайды осы ШАРТТЫҢ қосымшаларында қарастырылған көлемде қабылдайды.