Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелі Ислам Мемлекеті арасындағы Өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздері туралы шарт (2004 жылғы 15 сәуір, Астана қ.)

Информация о документе
Датачетверг, 15 апреля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 15 апреля 2004
Дата последнего изменениячетверг, 15 апреля 2004

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара
қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздерi туралы шарт
(2004 жылғы 15 сәуiр, Астана қ.)

 

2005 ж. 13 желтоқсандағы № 95-III ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрi, жеке алғанда "Тарап", ал бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi,

барлық салалардағы достық пен өзара тиiмдi ынтымақтастықты нығайту олардың халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап беретiндігіне және Азиядағы бейбiтшілiкті, қауiпсiздiк пен тұрлаулылықты сақтауға септiгiн тигiзетiндігіне кәмiл сене отырып,

өзара сенім мен түсiнiстік негiзiндегi мемлекетаралық қатынастарды нығайту ұмтылысына сүйене отырып,

халықаралық құқық нормаларына, ең алдымен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген мақсаттар мен қағидаттарға өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,

жалпыға бірдей бейбiтшілiк пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыла отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

1-бап

 

Тараптар егемендiк пен аумақтық тұтастықты өзара құрмет тұтуға, күш қолданбауға немесе күш қолдану қаупiн туғызбауға, бір-бірiнiң iшкi iстерiне араласпауға, теңдiк пен өзара тиiмдiлiкке, бейбiт қатар өмiр сүруге негiзделген халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес достық қатынастар мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты белсендi түрде дамытады және нығайтады.

 

2-бап

 

Тараптар екi мемлекеттің халықаралық және аймақтық ұйымдардағы өзара ықпалдастық деңгейiне қанағаттанғандық бiлдiре отырып, мұндай ынтымақтастықты, әсiресе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Ислам Конференциясы Ұйымының және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының шеңберiнде нығайтуға уағдаласты.

 

3-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом