Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпаратты
қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Астана қ., 2005 ж. 18 мамыр)
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 10 Қаулысымен бекітілді
2006 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатын жетілдiру және ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйелерiн одан әрi дамыту мақсатында,
1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы мемлекетаралық құпияларды қорғауды өзара қамтамасыз ету туралы келісімдi басшылыққа ала отырып,
ақпаратты қорғау саласындағы екiжақты қарым-қатынастарды реттеу қажеттілігiн негiзге ала отырып,
ынтымақтастықты дамытуда бiрдей мүдделілік таныта отырып,
Тараптардың әрқайсысының жаңа ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн әзiрлеудегi және енгізудегi жетiстiктерiн ескере отырып,
ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн тарату мен пайдалану екi Тараптың мүдделерiн қозғайтындығын атай отырып,
осы саладағы кең ынтымақтастық оңтайлы тиiмдiлiктi қамтамасыз етуге ықпал ететiндiгiн атай отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
«ақпаратты қорғау» - ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық, технологиялық шаралармен ақпараттың құпиялылығын, тұтастығы мен қол жетiмдiлігін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
«құпия ақпарат» - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес немесе олардың өзара шарттасуына сәйкес таралуына шектеу қойылатын ақпарат;
«ақпаратты қорғау құралдары» - ақпаратты қорғауға арналған құралдар, олар iске асырылатын құралдар, сондай-ақ ақпаратты қорғау тиiмдiлiгiн бақылау құралдары.
2-бап