Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы облыстық және оған теңестірілген сотының ұйымдастыру-талдау тобы туралы Үлгі Ереже (ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 63 өкімімен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 5 апреля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 5 апреля 2005
Дата последнего изменениявторник, 5 апреля 2005

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

2005 жылғы  5 сәуірдегі № 63 өкімімен

бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы облыстық және оған
теңестірілген сотының ұйымдастыру-талдау тобы туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

Осы Үлгі ереже Қазақстан Республикасы облыстық және оған теңестірілген соты ұйымдастыру-талдау тобының өкілеттіктерін, сондай-ақ топ қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Облыстық және оған теңестірілген соттың ұйымдастыру-талдау тобы (әрі қарай - топ) облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

2. Топ құрамы

 

3. Топтың құрамын облыстық және оған теңестірілген сот (әрі карай -облыстық сот) кеңсесінің белгіленген тәртіппен тағайындалған қызметкерлері арасынан облыстық соттың төрағасы бекітеді.

4. Топқа жетекші басшылық етеді, оның кандидатурасын облыстық соттың торағасы бекітеді.

5. Топқа:

1) бас мамандар;

2) жетекші мамандар;

3) мамандар енеді.

6. Соттар әкімшісінің келісімі бойынша топтын құрамына сондай-ақ Облыс соттары әкімшісі Сот қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас мамандары да енеді.

7. Топ жұмысы бірін-бірі алмастыру, есеп беру, топ алдына қойылған тапсырмалардың орындалуы үшін дербес жауаптылық негізінде құрылады.

 

3. Топтың негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

8. Топтың негізгі мақсаты жергілікті соттарда сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін көтеруді қамтамасыз ету болып табылады.

9. Топтың міндеттері:

1) облыстық соттың қызметін ұйымдық-құқықтық және ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету;

2) сот практикасын қорыту және талдау жөнінде судьяларға көмек көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами