Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне білім беру мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - 2006 жылғы 4 шілдедегі № 150-III ҚР Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 21 мамырдағы № 485 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж. № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; № 18, 111-құжат):
9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "Қазақстан Республикасының ?кіметi" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру саласындағы кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 30-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: