Жоба
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі мен Түрiк Республикасы
премьер-министрiнiң жанындағы Мемлекеттік
мұрағаттар бас дирекциясы арасындағы Мұрағат
iсi саласындағы ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 26 мамырдағы № 512 Қаулысымен қол қоюға келісім берiлдi
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi мен Түрiк Республикасы премьер-министрiнiң жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар бас дирекциясы,
Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы дәстүрлi достық пен ынтымақтастықты назарға ала отырып,
өзара тиiмдi негiзде мұрағат iсi саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниетiн ескере отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар екi жаққа бiрдей негiзде олардың мемлекеттік мұрағаттары арасындағы ынтымақтастыққа Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жәрдемдеседi.
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті зерттеулерден кейiн өздерiнiң қорларын байыту мақсатында мұрағаттық құжаттар көшiрмелерiмен, ғылыми-әдiстемелiк әдебиетпен және басқа да құжаттармен алмасуды жүзеге асырады.
3-бап
Тараптар шарттар жасасу негiзiнде олардың мұрағаттары жұмыс практикасына енгiзiлген қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар тәжiрибесiн зерделеу мақсатында мұрағат iсi саласында мамандармен алмасуды жүзеге асырады.
4-бап