Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 76 Бұйрығы
(2009.23.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2010.29.04. № 100 Бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі № 71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 25 шілдеде № 1928 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібінде:
бүкіл мәтін бойынша «Статистикалық жұмыстардың жоспары», «Статистикалық жұмыстардың жоспарында», «Статистикалық жұмыстардың жоспарына» деген сөздер тиісінше «статистикалық жұмыстардың жоспары», «статистикалық жұмыстардың жоспарында», «статистикалық жұмыстардың жоспарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
10-тармақта: