Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлеріне
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек
сіңірген жылдары үшін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту
туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 19 наурыз № 44
Осы редакция Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 10-ө Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 328-1 , "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы 318-1 Заңдарына сәйкес, зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың бірыңғай есебін белгілеу мақсатында Бұйырамын:
1. Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Министр
Бекітілді